vachach.net » Казахские песни » Димаш Құдайберген - Өмір өтер

Димаш Құдайберген - Өмір өтер

Прослушайте и скачайте песню вашей любимой исполнитель Димаш Құдайберген " Өмір өтер". Кроме того, оставьте комментарий к этой песне, благодарим вас за ваше внимание!
  • Скачано: 84
  • Размер MP3: 4,96 MB
  • Длительность MP3: 5:24
  • Качество MP3: 128
  • Дата релиза: 15 декабрь 2021
Текст песни
Балалық балғын тәтті әнің
Бақытқа толы шақтарың
Амалың қанша, қайтадан келмейді
Көнбейді, тағдыр, көнбейді
Бұл күн де қалар алыста
Қиял мен арман жарысқан
Бәрі де, бәрі, елеске айналар
Келгенде уақыт ойланар

Өтеді – ай, өмір өтер
Өзендей ағып кетер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға
Өтеді-ай, өмір өтер
Дүние – ай, бәрі бекер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға

Көңілді тұман басқанда
Басыңнан бағың қашқанда
Жапанда жалғыз жабырқап қалғанда
Жаныңды ұғар жан бар ма
Жайнаған жастық шағың да
Айналар бір күн сағымға
Алданып қанша жүргенмен соңында
Тағдырың тәңір қолында

Өтеді – ай, өмір өтер
Өзендей ағып кетер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға
Өтеді-ай, өмір өтер
Дүние – ай, бәрі бекер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға
Комментарии
Vachach.Net - Каталог лучших хитов. Вы можете слушать и скачивать казахские, турецкие и другие популярные песни с сайта. Вы так же можете прослушать эти песни через YouTube на странице. А так же можете ознакомиться с текстами песен.
© VACHACH MUSIC 2022. Пишите письма на: [email protected]