vachach.net » Казахские песни » Tyngdarman - Puzzle

Tyngdarman - Puzzle

Прослушайте и скачайте песню вашей любимой исполнитель Tyngdarman " Puzzle". Кроме того, оставьте комментарий к этой песне, благодарим вас за ваше внимание!
  • Скачано: 29
  • Размер MP3: 5,77 MB
  • Длительность MP3: 2:31
  • Качество MP3: 320
  • Дата релиза: 21 июль 2022
Текст песни
Ғашық жандар
Бір пазлдың бөлігіндей
Тынымсыз бір-бірін іздей,
Бөлшек іздеп дұрыс пішінді.

Басқа адаммен
Бір қораптан болсаң да,
Бөлек бөлшекті қосқандай
Ұқсас түстер ішінде.

Біз екеуіміз
мүлдем бөлек қораптарда
Кеткендейміз
Жауап іздеп сұрақтарға.

Бірақ бұл әлем -
Бір үлкен құрақ екен.
Әр бөлшекке
Табылады тұрақ-мекен.

Біз сонша адаммен
бірігіп көргеннен,
Қажалып кертіктер
Қалғандай.

Әрбір қадаммен
Жақындай берем.
Тәңір кезіктірер
Бұл жалғанда.

Ғашық жандар
Тағдырдың жіптерімен
Байланғандай,
Байланғандай.

Көп адамдар
Арасында біздің жіптер
Шимайланған,
Шырмалған ба?

Біз екеуіміз
мүлдем бөлек қораптарда
Кеткендейміз
жауап іздеп сұрақтарға.

Бірақ бұл әлем -
Бір үлкен құрақ екен.
Әр бөлшекке
Табылады тұрақ-мекен.
Похожие песни
Комментарии
Vachach.Net - Каталог лучших хитов. Вы можете слушать и скачивать казахские, турецкие и другие популярные песни с сайта. Вы так же можете прослушать эти песни через YouTube на странице. А так же можете ознакомиться с текстами песен.
© VACHACH MUSIC 2022. Пишите письма на: [email protected]